Терроризмге қарсы қауіпсіздік тақырыбында кездесу өтті

28 Желтоқсан 2022, 18:10
862
Бөлісу:
Терроризмге қарсы қауіпсіздік тақырыбында кездесу өтті

Елордада терроризмге қарсы қауіпсіздік тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 желтоқсанда Астана қаласы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Ibis" қонақ үйінде, терроризм актісі жасалуының нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша күдікті зат табылған кезде қызметкерлердің іс-әрекеті тақырыбында объектінің қызметкерлерімен семинар өткізді, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, төтенше жағдайлар кезінде адамдардың іс-әрекеті туралы бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ҚК 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар" бойынша құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін жауапкершілік туралы жеткізілді.

Аталған ұсынымдардың мақсаты - адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, төтенше жағдайларда алдын алу іс-шаралары мен іс-қимылдарын ұйымдастыруға көмек көрсету.

Өзгелердің жаңалығы