Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл дапартаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев дәстүрлі брифинг барысында айтты.
Терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан 40 адам жазасын өтеп жатыр. Оның 23-і жабық түрдегі түзеу мекемесінде отыр. 21 - ер, 2 – әйел адам. 17 адам бас бостандығынан шектеу жазасымен пробация қызметінің бақылауында тұр, - деді ол.
Разуев айтқандай, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған рақымышылық жасау туралы заң жобасы Парламент қарауында тұр.
Ол заң жобасы бойынша осы санаттағы қылмыскерлерге рақымшылық жасауға ешқандай шектеу жоқ, - деді Дархан Разуев.
Осыған дейін ол жалған хабарлама таратқандарға қандай жаза қолданылатынын айтқан еді.