Теріс қылық жасаған мемқызметкерді 2 жылға дейін қызметінен шеттету ұсынылды

28 Ақпан 2024, 10:46
607
Бөлісу:
Теріс қылық жасаған мемқызметкерді 2 жылға дейін қызметінен шеттету ұсынылды
Фото: скрин

Мәжілістің жалпы отырысында мемлекеттік қызметшілерге қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.

Заң жобасы мемлекеттік қызмет туралы заңның бірнеше бабына түзету енгізуді қамтиды. Мерзімсіз тыйым салудың орнына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған азаматты мемлекеттік қызметке қабылдауды шектеудің 2 жылдық мерзімі белгіленеді, - деді ол.

Сөзінше, заң жобасынде мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі шектеулерді салааралық саралау көзделген.

Шектеулер бойынша нормалардың редакциясы өзгергендіктен 59 және 61-баптарға түзетулер мен заңның 16-бабының ережелеріне тиісті сілтемелер жасалды. Сондай-ақ келісімшарттағы қызметкерлер бойынша да нормалар 16-бапқа сәйкестендірілген.

Өзгелердің жаңалығы