Тергеу мекемесінің күзгі-қысқы кезеңге дайындық жағдайы қандай?

20 Қазан 2020, 00:40
1456
Бөлісу:
Тергеу мекемесінің күзгі-қысқы кезеңге дайындық жағдайы қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласындағы Тергеу изоляторында күзгі-қысқы дайындық жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. 

Мекеме ғимаратының жылу жүйесі құбырларына қысыммен тексеріліп (опрессовка) 2020 жылдың 14 қазан күні оқшауланған аймаққа, оның ішінде барлық қапастарға және әкімшілік ғимаратқа жылу берілді. Жылу берілу кезінде ешқандай оқыс оқиға орын алған жоқ. Бүгінгі таңда қапастарда бірқалыпты темпаратуралық режимі сақталып, қадағалануда, - деді мекеме бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары, әділет капитаны Ж.Ернияз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы №1255 қаулысымен бекітілген нормаларын сақтай отырып, айыпталушылар мен сотталғандарға ас дайындалып, астың сапасы күнделікті тексеріліп таратылады. Жазасын өтеушілердің иммунитетін көтеру мақсатында жеміс-жидектер мен шырындар да қоса беріліп тұрады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы №1255 қаулысымен бекітілген норма бойынша айыпталушылар мен сотталғандарға киім-кешек және гигиеналық заттар таратылады. 

Гигиеналық тазалықты сақтау үшін айыпталушылар мен сотталғандарға арнайы монша қарастырылған, алайда Қызылорда қаласында ыстық су жоқ болуына байланысты моншаны ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында су ысытатын автономды дизельді қазандығы қолданылып жатыр.

Тергеу мекемесінің күзгі-қысқы кезеңге дайындық жағдайы қандай?

Маусымдық кезеңнің басталуына орай, қамауда отырғандардың арасында тұмаудың алдын алу мақсатында, 50 жастан асқан айыпталушылар мен сотталған азаматтарға Қызылорда қалалық №6 емхана мамандарымен вакцина салынды. Бүгінгі таңда мекеменің медицина бөлімінде12 дәрігер бар. Мекеме аумағына келіп түскен арнайы контигент ҚАЖ комитетінің нұсқаулығына сәйкес, мекемеге келген кезде, мекемеден айдауылданып кеткенде, босатылар алдында және 6 ай сайын флюрографиялық және АИТВ тексеруден өткізіледі. Медицина бөлімінің стоматология, гинекология, флюрография, лаборатория, ем қабылдау бөлімдері барлық керекті медициналық аппарат құралдарымен жабдықталған. Және медицина бөліміндегі дәріхана тұмауға қарсы дәрі-дәрмектермен толықтырылған. Инфекцияға қарсы сақтық шаралары да үздіксіз жалғасып келеді. Түрмедегілер серуенге шыққан кезде камералар роторлы бүріккіштердегі дайындалған ерітінділермен залалсыздандырылады.

Өзгелердің жаңалығы