Тергеу әділ жүргізілсе, апаттың себебін анықтауға болады – запастағы полковник

31 Тамыз 2021, 16:09
13918
Бөлісу:
Тергеу әділ жүргізілсе, апаттың себебін анықтауға болады – запастағы полковник

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасына сұхбат берген запастағы полковник, ардагер ұшқыш, әскери сарапшы Ермек Сейітбатталов Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты пікір білдірді. 

Ол жарылыстың себебін тергеу әділ жүргізілсе, анықтауға болады деп отыр.

Сондай-ақ қару-жарақ қоймаларының қала маңына жақын орналасуы да орынсыз екендігін алға тартты.

Басқа қоймаларды да шұғыл түрде тексеріп шығу қажет сияқты. Онда қандай оқ-дәрілер бар, олардың қуаттылығы қандай, оны да ескерген жөн. Оқ-дәрілердің уақыт өткен сайын қуаты артатыны тағы бар. Қажетті дегендерін ғана алып қалып, қалғанының бәрін қауіпсіз аймаққа шығару керек, - деді әскери сарапшы.

Сонымен қатар запастағы полковник басшылықтың арасында да сұрыптау жүргізу артықтық етпейді деп отыр.

Басшылардың түгелін сұрыптап, біліктілігін, білімін тексеру керек. Талапты күшейткен кезде ғана қауіпсіздікке қол жеткізе аламыз, - деп атап өтті Ермек Сейітбатталов.

Бұған дейін әскери сарапшы оқиғаны Арыспен салыстыруға келмейтінін, мұның деңгейі басқа екендігін айтқан болатын. Себебі Байзақтағы әскери қоймада Арыстағыдай күшті қару-жарақ болмаған көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы