Теннистен Ролан-Гаррос турниріндегі көрермен санына шектеу қойылды

3 Мамыр 2021, 17:09
1673
Бөлісу:
Теннистен Ролан-Гаррос турниріндегі көрермен санына шектеу қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен «Үлкен Дулыға» санатындағы «Ролан Гаррос» турниріндегі көрермендер саны екі есеге қысқарады, деп жазады Olympic.kz.  

Франция ашық чемпионатындағы көрермендер саны мыңнан аспауы тиіс. 

Бұл өз кезегінде кортқа келушілердің 35 пайызын құрайды. 

Әзірге, ұйымдастырушылар бұл шектеудің барлық матчқа қолданылатынын немесе финалдық кезеңдерге өзгеріске ұшырайтынын айтқан жоқ. 

Айта кетейік, мұндай шешім қабылдауға коронавирусты инфекцияның таралуы себеп болып отыр. 

Өзгелердің жаңалығы