Теннис: Елена Рыбакина Аделаида турнирінің ширек финалына шықты

5 Қаңтар 2022, 14:21
1045
Бөлісу:
Теннис: Елена Рыбакина Аделаида турнирінің ширек финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 90-орында тұрған чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 3:1 есебімен алға кетті. Сет біткенше сол басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3.

Елена екінші сетті брейкпен бастады – 2:0. Сосын қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:4.

Бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды.

Е.Рыбакина жүлде қоры 535 мың АҚШ доллары тұратын доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 6-ыншы, осы жарыстың 3-ракеткасы, грекиялық Мария Саккари немесе рейтингте 40-сатыдағы америкалық Шелби Роджерстің біреуімен таласады.

Өзгелердің жаңалығы