Теннис: Александр Бублик АҚШ-та өтетін турнирде бақ сынайды

29 Шілде 2023, 23:25
561
Бөлісу:
Теннис: Александр Бублик АҚШ-та өтетін турнирде бақ сынайды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

АҚШ-тың Вашингтон қаласында 31 шілде – 6 тамыз аралығында ATP 500 турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық Александр Бублик доданы екінші айналымнан бастайды.

А. Бублик турнирге арнайы шақырту алған франциялық, қазіргі кезде рейтингте 322-орында тұрған Гаэль Монфис немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі.

Америкалықтар Тейлор Фритц пен Фрэнсис Тиафо турнирдің бірінші және екінші ракеткалары болып тіркелген.

Бүгін Вашингтонда іріктеу сайыстары басталады.

Әлемнің 26-ракеткасы А. Бублик осының алдында Галле ATP 500 жарысының жеңімпазы атанып, Уимблдонда төртінші айналымға дейін жеткен еді.

Өзгелердің жаңалығы