Теңіздегі «Келешек кеңею» жобасы 2023 жылы іске қосылады – Досмұхамбетов

13 Қараша 2020, 13:35
1818
Бөлісу:
Теңіздегі «Келешек кеңею» жобасы 2023 жылы іске қосылады – Досмұхамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Теңіз кен орнындағы «Келешек кеңею» жобасы туралы айтып берді.

Облыста мұнай-газ саласы бойынша бірқатар ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Солардың ең ірісі - Теңіз кен орнындағы «Келешек кеңею» жобасы. Оның жалпы құны 45 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл жоба мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді, - деді Махамбет Досмұхамбетов. 

Оның айтуынша, «Келешек кеңею» жобасына 300-ге жуық қазақстандық компания жұмылдырылған. 

Қазір 27 мың адам жұмыс істеп жатқан іргелі жобаны 2023 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Жобаның 80 пайызы дайын. Мұнай-газ саласындағы тағы бір ауқымды жоба Қашағанның да маңызы күннен күнге артып келеді. Онда осы жылдың 10 айында 12 млн 700 мың тонна мұнай өндірілді.Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда артық,- деді әкім. 

Жалпы, Атыраудың өнеркәсіптік өнімдегі мұнайдың үлесі 88 пайызды құрайды. Биыл 10 айда 39 млн 300 мың тонна мұнай өндірілген. Бұл Қазақстанда өндірілген жалпы мұнай көлемінің 55 пайызын құрайды. 

 

Еске сала кетейік, осыған дейін Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте коронавирустың екінші толқынына дайындығын баяндады.
Өзгелердің жаңалығы