Коронавирустың екінші толқынына дайынбыз – Атырау облысының әкімі

13 Қараша 2020, 13:22
1175
Бөлісу:
Коронавирустың екінші толқынына дайынбыз – Атырау облысының әкімі
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ архивтен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте коронавирустың екінші толқынына дайындығын баяндады.

Індетті алдын-алу бойынша өңірде жағдай тұрақты. Кадр тапшылығы үштен бірге қысқарды. 93 жас маман жұмысқа тартылды. Олардың 35-і аудандарға жіберілді. Барлық медицина қызметкерлеріне пандемия кезеңінде алдыңғы қатарда атқарған жұмысы үшін 2 млрд теңгеден астам үстемақы төленді. Денсаулық сақтау саласында материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл 7 нысанның құрылысы аяқталды,- дейді Махамбет Досмұхамбетов. 

Оның айтуынша , инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы 8,1%-ды құрайды, 46 науқас емделуде, оның екеуі реанимацияда екен. 

COVID-19 екінші толқынына дайындық аясында облыс бойынша 2080 төсек-орынға арналған 12 стационар, оның ішінде 120 реанимациялық стационар дайындалды. Атырау қаласында 200 төсек-орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін Жылыой ауданының Құлсары қаласында 200 төсек-орындық модульдік стационар құрылысын аяқтау жоспарланған,- дейді әкім. 

Облыста 4 МРТ аппараты, 12 компьютерлік томография аппараты, 27 рентген аппараты, 668 оттегі концентраторы, 256 ӨЖЖ аппараты жыл соңына дейін тағы 51 бірлікпен толықтырылатын көрінеді. Жедел медициналық көмекпен 100% қамтамасыз етілген. 5 мобильді диагностикалық медициналық кешен шалғай аудандарды қамтиды. Сарапшылардың есептеуінше, әрбір екінші адам ПТР-тестілеуден өткен.


 


 

Өзгелердің жаңалығы