Теңіз кенішінде цистерна жарылып, жұмысшы көз жұмды

9 Ақпан 2023, 14:31
934
Бөлісу:
Теңіз кенішінде цистерна жарылып, жұмысшы көз жұмды
Фото: azh.kz

8 ақпанда күндіз теңіз кенішінде адам өліміне әкелген қайғылы оқиға болды. «WEST DALA» компаниясына тиесілі «вакуум» цистернасы жарылып, 37 жастағы жұмысшы қаза тауып, 30 жастағы екінші жұмысшы жарақат алды,  деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі («Адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«WEST DALA» мұнай-газ, медицина және басқа да салалардағы өндіріс қалдықтарын жоюмен айналысады.

Өзгелердің жаңалығы