Теңіз кен орнында 19 көшпелі дауыс беру пункт ашылды

5 Маусым 2022, 16:00
1357
Бөлісу:
Теңіз кен орнында 19 көшпелі дауыс беру пункт ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Референдум комиссиясының штабына Теңіз кен орны аумағында дауыс беруге ниет білдірген ауысымдағы қызметкерлерден 10 мыңға жуық өтініш түскен. 

Оған қоса жұмысшылардың бір бөлігі тіркелген жері бойынша учаскелік комиссияларға жүгініп, өздерімен бірге Қазақстанның түрлі өңірлерінен дауыс беру үшін есептен шығару куәліктерін алып келді. 

Теңіз кен орнында 19 көшпелі дауыс беру пункт ашылды

Теңiз кен орнында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгiзiлетiн өзгерiстер жөніндегі республикалық референдумға дайындық бiрнеше аптаға созылды.

Теңіз кен орнында 19 көшпелі дауыс беру пункт ашылды

Дауыс беру учаскелері «Теңізшевройл» компаниясы мен мердігер ұйымдардың вахталық қалашықтарында орналасқан. Дауыс беруді ұйымдастыру үшін қажетті көлік құралдары қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 

Дауыс берудің барысын қадағалау үшін Құлсары қаласынан бақылаушылар келді.

Өзгелердің жаңалығы