Теңгені алғаш қолға алғаным есімде – министр

15 Қараша 2020, 21:18
1270
Бөлісу:
Теңгені алғаш қолға алғаным есімде – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Сіздерді Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күнімен және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 27 жыл бұрын алғаш рет Тәуелсіз Қазақстанның валютасы - теңгені қалай алғаш қолға алғаным есімде. Волютамыз ерекше де әдемі болып көрінді. Халықаралық банкнот қауымдастығының (IBNS) нұсқасы бойынша отандық банкноттар бірнеше жыл бойы үздік деп танылғаны таңқаларлық емес. Өткен жылдары мен «қаржы саласында» еңбек еттім: бюджеттің толықтырылуына және ресурстардың дұрыс бөлінуіне жауап бердім. Қазір сауда министрлігін басқара отырып, мен елдің ең ірі саласын дамытуға күш саламын - сауда неғұрлым жақсы дамып жатса, соғұрлым жоғары қосылған құны бар тауарларды экспорттайтын болсақ, бюджет соғұрлым көп кіріс алады және отандастарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға жұмсалады. Қазақстандықтарды теңгенің туған күнімен құттықтаймын! Барлық отбасыларға тұрақтылық, амандық және сәттілік тілеймін!, – деп жазды министр.
Айта кетейік, бүгін Ұлттық теңгеміздің айналымға түскеніне 27 жыл болды.

Өзгелердің жаңалығы