Теңгелік салымдарды қорғау. Ақша қашан төлене бастайды?

1 Сәуір 2022, 15:07
2115
Бөлісу:
Теңгелік салымдарды қорғау. Ақша қашан төлене бастайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біржолғы сыйақы 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін есептеледі, ал төлем жүргізу кезеңі туралы тиісті НҚА жарияланғаннан кейін ғана белгілі болады.

Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен мәлімдемесіне сәйкес, 10% өтемақы бюджет қаражатынан төленеді.

Өтемақы алу үшін өтініш беру қажет пе?

Теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасы өтініш беру сипатында болуы мүмкін, яғни салымшылар банкке жазбаша нұсқада немесе онлайн-сервистер арқылы өтініш беруі қажет.

Алайда, бұл бойынша қорытынды шарттар, оның ішінде бағдарлама өтінім беру сипатында бола ма немесе өтемақы барлық салымшыға әдепкі қалпы бойынша есептеле ме, ол туралы НҚА жобасы бекітілгеннен кейін ғана белгілі болады. Ол үшін ресми ресурстарда жарияланатын жаңалықтарды бақылап отыруға кеңес береміз.

Қазіргі уақытта өтініштер қабылданбайды.

Төлем картасындағы ірі сомаға 10% өтемақы есептелуі мүмкін бе?

Теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасы төлем карталарында сақталатын ақшаға, сол сияқты ағымдағы шоттарға да қолданылмайды.

Тағы қандай ерекшеліктер бар?

Төлем карталарынан басқа, банк депозиттерінің жинақтауға және көбейтуге емес, есеп айырысу жүргізуге арналған кейбір түрлері үшін де мұндай өтемақы төленбейді. Бұл, негізінен, сыйақы төлеу қарастырылмаған немесе ең төменгі пайыздық мөлшерлемені көздейтін салымдар, атап айтқанда:

  • шартты депозиттер;
  • талап етілгенге дейінгі депозиттер (әдетте, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 0,1%-дан аспайтын мерзімсіз салымдар).
Өзгелердің жаңалығы