Теңге тұрақтылығын сақтау үшін теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы іске асырылады – Смайылов

1 Наурыз 2022, 09:28
1408
Бөлісу:
Теңге тұрақтылығын сақтау үшін теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы іске асырылады – Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Әлемде болып жатқан жағдайға байланысты халқымыздың алаңдаушылығы орынды. Қоғамда көптеген сауал бар. Сөзсіз, бұл жағдай біздің экономикамызға да әсер етпей қоймайтыны түсінікті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірнеше күннен бері өздеріңізбен ақылдасып, тиісті шешімдерді қабылдадық, - деді ол Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруға кіріскенін айтты.

Жоспар инфляцияны бақылауда ұстауға, валюта нарығында тұрақтылықты сақтауға, жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталып отыр. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын құру мен кәсіпкерлікті дамытуға арналған шаралардан тұрады. Атап айтсақ, қаржы нарығы мен теңгелік депозиттердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Үкімет Ұлттық банкпен бірлесе отырып, теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады, -деді Әлихан Смайылов.

Премьердің сөзінше, бағдарламаға сәйкес теңге депозиттер бойынша сыйлық ақы қосу көзделген.

Бағалардың өсуіне жол бермеу үшін Үкімет Ұлттық банк және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, инфляцияны бақылау және төмендету бойынша жаңа шаралар кешенін қабылдады. Осы жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын қаржыландыру, оның ішінде, субсидиялау мен кредиттерге кепілдік беру ұлғайтылады. Бизнеске шамадан көп әкімшілік жүктемені жою көзделіп отыр. Мемлекеттік органдардың реттеушілік актілері қайта қаралады, -деді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы