Теңге нығайды, бірақ мұнайдан табыс азайды – Қаржы министрі

Теңгенің нығаюы бюджетке соққы болды: кірістер 146 млрд теңгеге кеміді 

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 11:09
Бүгiн 2026, 11:09
122
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Сыртқы макроэкономикалық факторлар республикалық бюджет кірістеріне айтарлықтай әсер етті. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысында сөз сөйлеген Қаржы министрінің айтуынша, есепті кезеңде бюджет кірістеріне ең алдымен сыртқы нарықтағы жағдай ықпал еткен.

Есепті кезеңде бюджеттің кіріс бөлігіне, сыртқы макроэкономикалық факторлар айтарлықтай әсер етті, оның ішінде, әлемдік мұнай нарығы құбылмалы болуда. бірінші тоқсандағы мұнайдың орташа бағасы барреліне 80,6 доллар деңгейінде қалыстасты. Бұл ретте, қолданыстағы бюджет архитектурасында, мұнай бағамының өсімі, тікелей Ұлттық қордың түсіміне әсер ететінін атап өту керек, себебі заңнамаға сәйкес, мұнай түсімдерінің негізгі бөлігі Ұлттық қорға жіберіледі. Ал, республикалық бюджет үшін оң әсерін тигізген, бұл мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы салығы, ол қосымша 40,5 млрд. теңгені қамтамасыз етті, – деді Такиев.

Сонымен қатар министр теңге бағамының тұрақтылығы бюджетке кері әсер еткенін атап өтті.

Сонымен қатар, теңге бағамының орнықтылығы, республикалық бюджет кірістеріне, тежеуші фактор ретінде әсер етті. Есепті тоқсандағы бір доллардың орташа бағамы, болжамды 540 теңгеден 497,7 теңге деңгейінде орын алуы, түсімдердің шамамен 146 млрд теңгеге дейін азаюына алып келді. Осылайша, сыртқы баға конъюктурасы, оның ішінде валюта бағамының айырмашылығы, республикалық бюджет үшін теріс әсер етті, – дейді Қаржы министрі.

Еске салайық, бұған дейін инфляция 11%-ға дейін баяулап, Ұлттық банк теңгенің қалай нығайғанын түсіндірді.

Наверх