Теміржолдардағы су тасқынына дайындық деңгейі белгілі болды

26 Наурыз 2024, 04:15
365
Бөлісу:
Теміржолдардағы су тасқынына дайындық деңгейі белгілі болды
Фото: видеодан кадр

ҚТЖ желісінде штаттан тыс жағдайларға дереу ден қою үшін шайып кетуге қарсы 45 пойыз толық дайындықта тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, вагондар барлық қажетті құралдармен және материалдармен жабдықталған. 2650 текше метр кесек тастар, 8 мыңнан астам кондиционерлік емес шпалдар дайындалды.

Теміржолшылар алдын ала тасқын суды болдырмас үшін ағызып жіберу дайындықтарын жүргізді. Көпірлер, су өткізгіш құбырлар, дренаждық құдықтар қардан, мұздан және қоқыстан тазартылып, таулы және су бұрғыш жыралар, науалар мен кюветтер аршылды. Оба, Тентек, Сілеті және т.б. өзендерде мұзды ұсақтау бойынша бұрғылау-жару жұмыстары жүргізіліп, аумақтық ұйымдармен бірлесіп 83 бөгет пен су қоймалары тексерілді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ақтөбе облысында теміржол магистралінен 16 км төмен орналасқан Жем теміржол станциясына іргелес жатқан ҚазГеоРуд ЖШС жеке меншігіндегі кіреберіс жол қарғын сумен шайылды.

Жем станциясының өзінде судың жиналуы байқалмайды, су бұру құрылыстары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Теміржолшылар станциялар мен аралықтарда, сондай-ақ өзендер мен су қоймаларына жақын орналасқан жол учаскелерінде су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы