Теміртаулықтарға 300 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

10 Наурыз 2023, 13:26
706
Бөлісу:
Теміртаулықтарға 300 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды
Фото: inform.kz

Монополист Теміртау тұрғындарына 300 млн теңгеден астам қаражатты қайтарып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысының прокуратурасы мәліметінше, прокурорлар Теміртаудың 120 мың тұрғынының құқығын қорғады.

Теміртау қаласының прокуратурасы 2022-2023 жылдар кезеңінде жылумен жабдықтау саласына талдау жүргізді.

Осы жылыту маусымы басталғаннан бері "Оқжетпес-Т" ЖШС-сі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның ЖЭО-2 желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізгені анықталды, бұл қала тұрғындарының үйлерінде температуралық режимнің жиі бұзылуына соқтырған. Тиісінше, мұндай жағдайларда жылу беру қызметтерінің құнын қайта есептеу керек, бірақ монополист мұны жасамаған, - делінген хабарламада.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорын жылумен жабдықтауды пайдаланғаны үшін 300 млн теңгеден астам сомаға 120 мың тұрғынға (118 362 жеке тұлға және 1329 бизнес субъектісі) сомаларды қайта есептеді.

Өзгелердің жаңалығы