Теміртаудағы жарылыс. Дәрігерлер үйінді астынан табылған әйелдің жағдайы туралы айтты

15 Ақпан 2024, 11:41
576
Бөлісу:
Теміртаудағы жарылыс. Дәрігерлер үйінді астынан табылған әйелдің жағдайы туралы айтты
Фото: Артём Чурсинов - архив

Теміртауда дүкендегі газ жарылысында ғимарат астында қалған бір адамды құтқарушылар аман алып шықты. Дәрігерлердің айтуынша, үйінді астында қалған әйелдің жағдайы орташа, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгін таңертең қаланың Ватутина 28 мекенжайында орналасқан азық-түлік дүкенінде болған газ жарылысынан кейін құтқарушылар бір адамды үйінді астынан аман алып шықты. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 1993 жылы туылған әйел адам дүкенге азық-түлік алуға келген. 

Ауруханаға жеткізілген әйел адамды әртүрлі локолизациядағы термиялық күйік шалған. Сондай-ақ жеңіл жаңдайдағы травмалық шок орын алған. Науқас есін біледі. Қазіргі уақытта кешенді диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр. Жағдайы орташа, - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнұр Әбдиева. 

Бүгін таңертең Теміртауда азық-түлік дүкенінде газ жарылып, апат салдарынан ғимарат толығымен құлап қалды. 

Сағат 8:44-те құтқарушылар үйінді астынан әйелді аман алып шықты. 

Сағат 9:49-да үйінді астынан әйелдің денесі табылды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін анықтады. Қаза болған 51 жастағы әйел дүкеннің сатушысы болған. Жарылыс болған дүкен табиғи газға қосылған деген мәліметтер бар. 

Жарылыстан кейін екі қабатты ғимарат толығымен құлап, өрт шыққан. 

Өрт сөндірушілер сағат 10:25-те өртті толығымен сөндірді. Жарылыс болған дүкен табиғи газға қосылған. Газдың жарылу себептері анықталып жатыр, - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті. 

Төтенше жағдайлар департаментінің базасында оқиға орнында арнайы штаб құрылған. Психологиялық көмек көрсету үшін психологтар жұмыс істеп жатыр. Құтқару жұмыстарына 177 адам және 38 техника жұмылдырылды. 

Өзгелердің жаңалығы