Теміртауда жастар үйі ашылады

5 Мамыр 2023, 11:33
1017
Бөлісу:
Теміртауда жастар үйі ашылады
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Биыл Теміртауда жастар үйі ашылады. Оған мыңнан астам адам бара алады. Әлеуметтік нысан ғимараты қаланың шығыс бөлігінде орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нысанда Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев болып қайтты. Аймақ басшысына бұл жерде бұрын колледж болғанын, бірақ бірнеше жылдар бойы ғимарат иесіз болғанын мәлім етті. Қазір мұнда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Теміртауда жастар үйі ашылады

Орталықта 150 орындық акт залы, спорт және би залдары, екі коворкинг-орталық болады. Мұнда еріктілер мен жастар ұйымдарын орналастыру, дыбыс жазу студиясын ашу жоспарлануда.

Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті үйірмелер жұмыс істейтін болады. Ардагерлер ұйымдары үшін де орын бар.

Нысанды қыркүйек айында тапсыру жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы