Теміртауда әскери сарбаздар жаппай уланып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Qazaqstan телеарнасының телеграм арнасындағы мәліметке сәйкес қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметші түскен.
Оның ішінде 31 әскери қызметші алдын ала қойылған ішек инфекциясы диагнозымен және 5 әскери қызметші жіті респираторлық вирустық инфекциялар диагнозымен жатқызылған.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі сарбаздардың жағдайы орташа ауыр деп мәлімдеді. Қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілген.
Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз: