Теміртауда тегін балалар лагері ашылды

16 Маусым 2022, 11:12
1361
Бөлісу:
Теміртауда тегін балалар лагері ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртау қаласының мәдениет сарайы екінші жыл қатарынан балаларға таза ауада тегін жазғы лагерь ұйымдастырып келеді. Мұнда балаларға шеберлік сыныптары, шығармашылық  сабақтар және басқа да ойын-сауық іс-шаралары ұсынылады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Лагерьге 7 жастан 13 жасқа дейінгі балалар жазыла алады. Келесі бағыттар бойынша төрт тақырыптық маусым дайындалды: шығармашылық, медиа, еріктілік және экология.

Бір маусымға 20-дан астам бала қабылданады. Ұзақтығы – 10 күн.

Шығармашылық маусым басталды. Ол 24 маусымға дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар ата-аналардан бұл шарадан қалыс қалмауды сұрайды, жазылу әлі жалғасуда.

Еріктілер маусымы 27 маусым мен 8 шілде аралығында өтеді. 11–22 шілде аралығында жас теміртаулықтарды БАҚ пен медиа маусымы күтіп тұр.

Соңғы, экологиялық маусым 25 шілдеде басталады. Лагерь жұмысын 6 тамызда аяқтайды.

Балалармен педагог және тәлімгер жұмыс істейді. Сонымен қатар, біз «Шаңырақ» еріктілер орталығымен ынтымақтасамыз, сондықтан бізге тағы екі волонтер көмектеседі, – дейді мәдениет және демалыс бөлімінің мәдени ұйымдастырушысы Виолетта Куклина.

Лагерьдің жұмыс уақыты - 10:00-ден 13:00-ге дейін.

 

Өзгелердің жаңалығы