Теміртауда сарай мен гараж өртенді

10 Мамыр 2024, 15:43
189
Бөлісу:
Теміртауда сарай мен гараж өртенді
VIDEO
Фото: ТЖМ

Қарағандылық өрт сөндірушілер өрттің тұрғын үйге таралуына жол бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, Теміртау қаласына қарасты Ақтау кентінде тұрғын үйдің ауласында жалпы алаңы 100 шаршы метр аумақта сарай мен гараждың ағаш құрылымдары өртенді. 

Өрт шақырту уақытынан бастап бір сағат ішінде толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыздар, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы