Теміртау трамвайының тағдыры не болмақ?

14 Наурыз 2024, 17:26
322
Бөлісу:
Теміртау трамвайының тағдыры не болмақ?
Фото: pixabay.com

Теміртаудың қоғамдық көлік саласындағы проблемалары шешімін табуы мүмкін. 2023 жылы жұмысын тоқтатқан трамвай желісінің де жұмысы қалпына келтірілмек, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

1959 жылдан бері 63 жыл бойы теміртаулықтарды тасымалдап, қаланың визиттік трамвай паркі былтыр ақпан айында әртүрлі сылтаумен жабылып қалған болатын. Қарағанды облысының әкімі қала тұрғындары мен қонақтарын үшін басты қатынас құралы болған трамвайдың жұмысы қайта жандандыру үшін жұмыстар жасалып жатқандығын айтты.

Теміртау қаласында қоғамдық көлік саласында проблема бар екендігін мойындау керек. Былтыр «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы трамвай желісінің жұмысын тоқтатып, трамвай паркін жауып тастағанын бәріміз білеміз. Компания трамвай желісін қаржыландырмағандықтан қоғамдық көліктер тозып, істен шықты. Осылайша трамвай паркі жұмысын тоқтатты. Теміртаудағы қоғамдық көлік сапасының төмендеуінің екінші бір себебі – «АрселорМиттал Теміртау» трамвай желісінің жұмысын тоқтатқаннан кейін, өзінің қызметкерлерін жекменшік автобустармен тасымалдай бастады. Бұл дегеніңіз Теміртаудың жолаушылар ағынының жартысына жуығы. Осыдан кейін қаланың қоғамдық көліктері жолаушыларсыз қалды, - дейді аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.

Теміртаудың металлургия комбинатының жаңа иелері «Qarmet» компаниясы бұл мәселені шешуге уәде еткен.

Біріншіден, компания трамвай желісін қалпына келтіреді. Екіншіден, біз қаладағы қоғамдық көліктерді жаңартамыз және «Оңай» төлем жүйесін қосатын боламыз. Қаладағы барлық автопарктермен алдын ала келісім жасалған. Дегенменде, бұл жұмыстарды атқаруға уақыт және қаржыландыру қажет, - деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы