Теміртау қаласының оң жағалау тұрғындары орталық газ жүйесіне қосыла алады

25 Сәуір 2024, 20:54
273
Бөлісу:
Теміртау қаласының оң жағалау тұрғындары орталық газ жүйесіне қосыла алады

Теміртау қаласының оң жағалауындағы газ тарату желісінің құрылысы жуырда аяқталады. 1100-ге жуық үй орталық газға қосыла алатын болады. Жоба 2023 жылдың сәуір айынан бастап жүзеге асырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ .

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мердігер 79,5 км газ тарату желісін салып қойған, қалған бөлігін екі ай ішінде аяқтаймыз деп жоспарлап отыр.

Теміртау қаласының оң жағалау тұрғындары орталық газ жүйесіне қосыла алады

Сонымен қатар, Оң жағалауда су құбыры желілерін қайта жаңарту аяқталды.

Кейбір көшелердің тұрғындары газға қосылудың техникалық шарттарын рәсімдей бастады.

Теміртау қаласының оң жағалау тұрғындары орталық газ жүйесіне қосыла алады

Мемлекеттік сараптамаға жаңа жоғары вольтты электр беру желісін салу жобасы жіберілген. Оң қорытынды алғаннан кейін оны іске асыру басталады.

Дәл осы ауданда сондай-ақ жолдар жақсарады: Батыс және Солтүстік көшелерде орташа жөндеу жоспарланған.

Теміртау қаласының оң жағалау тұрғындары орталық газ жүйесіне қосыла алады

Оң жағалауда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде: шағын саябақ құрылысы жалғасуда.

Сонымен қатар, Теміртауда иесіз жануарларға арналған баспана пайда болады, оның құрылысы қаланың шығаберісіндегі ЖМҚС ауданында салынбақ.

Теміртау қаласының оң жағалау тұрғындары орталық газ жүйесіне қосыла алады
Өзгелердің жаңалығы