Теміртау қаласына жаңа әкім тағайындалды

5 Қыркүйек 2022, 23:42
1211
Бөлісу:
Теміртау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Қазақстан Президентінің Әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Теміртау қаласының әкімі болып бұған дейін Балқаш қаласын басқарған Ораз Тәуірбеков тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысы әкімінің сайтында хабарланғандай, аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар бірауыздан мақұлдады. Теміртау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Бегімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Жеңіс Қасымбек оған атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді, - делінген хабарламада.

Ораз Тәуірбеков өзіне артылған сенімді ақтауға уәде берді.

Ораз Тәуірбеков бұл қызметке тағайындалғанға дейін Балқаш қаласының әкімі қызметін атқарған. Бұл қызметте оның орнына Қайрат Қамзин келді.

Ораз Тәуірбеков 1968 жылы 15 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Өзгелердің жаңалығы