Темірбек Жүргеновті неге «Темір-Нарком» деп атаған

7 Сәуір 2023, 14:52
2839
Бөлісу:
Темірбек Жүргеновті неге «Темір-Нарком» деп атаған
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Астанада мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай «Темірбек Жүргенов – қазақ өнерінің жанашыры» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шара мақсаты - Мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Темірбек Қараұлы Жүргеновтің қазақ өнері, әдебиеті, мәдениетіне және білім саласына қосқан зор үлесін дәріптеу. Мемлекетке сіңірген еңбегі мен күреске толы өмір жолына шолу жасау арқылы өскелең жас ұрпақтың санасына мемлекетшілдік ұғымын және ұлттық мүддені қорғауды, ұлтқа қызмет етудің азабы мен абыройын сіңіру.

Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Ғайни Мұхтарова биыл Қазақ ұлттық университетіне 25 жыл толғанын атап өтті.

Темірбек Жүргеновті неге «Темір-Нарком» деп атаған
Темірбек Жүргеновті неге «Темір-Нарком» деп атаған

Бүгінгі іс-шарадан бөлек 28 сәуір көркем өнер факультеті атынан сурет көрмесі дайындалады. Бұл көрмеде тек Темірбек Жүргеновтің өміріне мен қоғамдағы үлесіне емес, жалпы қазақ тарихындағы қайраткерлерге арналған тарихи жанрдағы көрме болмақ. Бұл іске жастардың көптеп тартылғанын қалаймын. Осылайша біз Темірбек Жүргеновтің ұстанмын көпке дәріптегіміз келеді, - деді Ғайни Мұхтарова. 

Темірбек Жүргеновті неге «Темір-Нарком» деп атаған
Темірбек Жүргеновті неге «Темір-Нарком» деп атаған
Темірбек Жүргеновті неге «Темір-Нарком» деп атаған

Саясаттану ғылымдарының докторы, пофессор Әбдіжәлел Бәкір Темірбек Жүргенов неге «Темір-Нарком» атанғанын айтты.

Темірбек Жүргеновті неге «Темір-Нарком» деп атаған
Темірбек Жүргеновті неге «Темір-Нарком» деп атаған
Темірбек Жүргеновті неге «Темір-Нарком» деп атаған

Ұмытпайтын, ардақтайтын және қастерлейтін адам - Темірбек Жүргенов. Темірбек Жүргенов неге «Темір-Нарком» болды деген сұрақ бар? Осы орайда менің ойыма Мұхтар Әуезовтың Абай туралы айтқаны есіме түседі. Ол Абайдың үш рухани бұлағы болды дейді. Бірі қазақтың ескі әдебиеті, екіншісі орыс әдебиеті мен мәдениеті, ал үшіншісі шығыс әдебиеті. Темірбек Жүргеновте дәл осылай рухани күш алған адам. Өздеріңіз білесіздер, ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлынан араб, парсы тілін және шығыс әдебиеті мен халықтың ауыз әдебиетін білді, - деді Әбдіжәлел Бәкір.

Темірбек Жүргеновті неге «Темір-Нарком» деп атаған
Темірбек Жүргеновті неге «Темір-Нарком» деп атаған
Өзгелердің жаңалығы