Бекетаев: Бұл жерге кездесу үшін емес, мәселе шешу үшін келдік

8 Маусым 2021, 14:10
1625
Бөлісу:
Бекетаев: Бұл жерге кездесу үшін емес, мәселе шешу үшін келдік

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР кәсіпкерлерінің Еуразиялық экономикалық кеңестің экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі Руслан Бекетаев Алматы қаласында өткен кәсіпкерлермен кездесу барысында айтты. 

Кездесу барысында экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған алкоголь және темекі өнімдеріне қатысты кедендік транзит рәсімін қолдану, Қытай Халық Республикасынан графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы жоспарланған бажды енгізу, медициналық мақсаттағы бұйымдар айналысы туралы мәселелер қаралады.

Кездесу барысында Руслан Бекетаев бұл жерге кәсіпкерлермен есеп үшін емес, мәселе шешу үшін жиналып отырғанын атап өтті.

Біз сол үшін айлық аламыз. Біздің міндетіміз кәсіпкерлікті барынша қорғау. Мұнда жиналғандардан мәселелерді ортаға ашық салуды сұраймын. Сонымен қатар оңтүстік аймақтағы кәсіпкерлерден регуляторлық әсер анализіне белсенді араласуын сұраймын. Соңғы кезде белсенділік бәсеңдеп кетті. Бұл процедурадан өтетіндер саны төмен, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы