Телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

29 Сәуір 2025, 20:57
694
Бөлісу:
Телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады
Фото: pixabay.com

Елімізде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазтелерадио" АҚ-ға сілтеме жасап.

30 сәуірде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, - деп жазылған "Қазтелерадио" АҚ хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы