Техаста ұшақ құлап, 10 адам қаза болды

1 Шілде 2019, 12:03
1801
Бөлісу:
Техаста ұшақ құлап, 10 адам қаза болды

Алматы, BAQ.KZ. Американың Техас штатындағы Даллас қаласы маңында жеңілқозғалтқышты ұшақ құлап, он адам мерт болды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Жергілікті биліктің мәліметінше, әуе апаты салдарынан Эддисон әуежайы территориясындағы ангар өртенген. Бұл әуежай Даллас қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан.

Әуежай өкілі Мэри Розенблиттің айтуынша, апат жергілікті уақытпен сағат 9:10 шамасында болған. Ұшақта болғандардың ешқайсысы тірі қалмаған.

Өзгелердің жаңалығы