Тек өтінішті онлайн беруді іске қосу – цифрландыру емес

4 Маусым 2021, 12:15
2853
Бөлісу:
Тек өтінішті онлайн беруді іске қосу – цифрландыру емес

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша V Республикалық кәсіпкерлер форумында «Атамекен» төрағасы Тимур Құлыбаев мемлекет айтты.

Оның айтуынша,Үкіметпен бизнесті қолдауға арналған барлық қызмет мен шараны бірыңғай терезе арқылы жүзеге асыру жөнінде келісім жасалды.

Ол Бизнеске арналған Үкімет порталында іске асырылады. Қазіргі күні жиырмаға жуық ұйым, оның ішінде «Даму», «Бәйтерек» сияқты ұйымдар бизнеске 500-ден астам мемлекеттік қызмет пен қолдау көрсетеді. Мемлекеттік қызметтің 90 пайызы электрондық форматқа көшірілді. Алайда сұранысқа ие он пайыз қызмет бұл форматқа көшірілмей қалды. Оған ведомстволар арасындағы интеграцияның әлсіздігі әсер етті. Олардың қатарында жер қатынастары саласындағы қызмет, сәулет және қала құрылысы бар, - деді ол. 

Оның айтуынша, жаңа талаптар мен реттеу саясатына сәйкес, мемлекеттік қызмет пен қолдау шараларының барлығы цифрландыруылуы тиіс.

 

Сол үшін барлық қызметті цифрландырып қана қоймай, ревизия жасау арқылы оңтайланыруды көздеп отырмыз. Қызмет көрсету мен қолдау шараларын цифрландыру кезінде тек өтінішті онлайн беріп, қалған процес офлайн жүзеге асырылса бұл цифрландыру емес. Өтініш беруден құжатты алуға дейінгі процесс толықтай цифрлануы тиіс. Жаңа реттеу саясаты алдымен бизнес процесті құрып, тек содан кейін цифрландыруға көшірілуі керек, - деді ол.
 

Тимур Құлыбаев сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен сатып алу терезесі жүзеге асырылғаны атап өтті.  

Бұл бағасы негізсіз көтерілген сатып алуларды анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайлар бизнеске айтарлықтай әсерін тигізеді және алдын алу маңызды. Сонымен қатар бизнеске қысым көрсетуді төмендету бағытында бірлескен іс-шараларды жалғастырудамыз, - ол. 

Бүған дейін ол бизнесті реттеудің жаңа саясатында ойын шартының өзгеретінін айтқан болатын.

  

Өзгелердің жаңалығы