Бизнесті реттеу саясатында ойын шартын өзгерттік – Тимур Құлыбаев

4 Маусым 2021, 11:59
2068
Бөлісу:
Бизнесті реттеу саясатында  ойын шартын өзгерттік – Тимур Құлыбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша V Республикалық кәсіпкерлер форумында «Атамекен» төрағасы Тимур Құлыбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіпкерлікке арналған жаңа нормативтік құқықтық актілерді дайындау туралы тапсырмасына қатысты атқарылып жатқан шаралармен таныстырды.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы бизнесті реттеу саясатын жаңа парақтан бастауға басымдық берді. 

Бизнесті реттеу саясаты адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға бағытталуы тиіс. Біз бизнеске қойылған барлық талапты ескеріп, 30 мың нормативтік құқықтық актіге тоқтадық. Бізде тек бизнес саласына қатысы бар заңдардың өзі 200-ден астам. Мұндай жағдайда кәсіпкерлік субъектілері қалай жұмыс істейді? Әсіресе шағын және орта бизнес. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа реттеу саясатында ойын шартын өзгерттік. Өзектілігін жоғалтқан, қайталанатын бизнеске қойылатын талаптар алынып тасталады. Қалған талаптардың бәрі бірыңғай реестрге енгізіліп, цифрландырылады. Бұл бір реттік акция емес. Біз үнемі жұмыс істейтін тиімді реттеу саясатын қалыптастыруды көздеп отырмыз. Қазірдің өзінде министрліктер мен ведомстовлардың өз реттеу саясатының жаңа принципке сай келмейтін формаларды атап көрсетуде, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы