Технологиялық саясат жөніндегі кеңес отырысы өтті

27 Қазан 2022, 17:00
866
Бөлісу:
Технологиялық саясат жөніндегі кеңес отырысы өтті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Үкіметі жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының жыл сайынғы жаһандық рейтингін талдау қорытындысы бойынша Қазақстанның инновациялық экожүйесінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Яғни, озық елдер мен ұйымдардың тәжірибесіне негізделген жаңа тәсіл аясында күш-жігерді жекелеген бағыттарға, атап айтқанда, азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру үшін MedTech; экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамыту үшін AgriTech; «жасыл» технологияларды, энергияны тиімді пайдалану мен үнемдеу үшін GreenTech жаңа технологияларын енгізу бағыттарына шоғырландыру ұсынылып отыр. 

 Сонымен қатар отырыста экономиканың түрлі салаларының инновациялық белсенділігін ынталандыратын технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын құру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, мұндай орталықтардың міндеттеріне қолданыстағы салалардың технологиялық дамуын талдау, халықаралық трендтер мониторингі, тиісті білім мен тәжірибені жинақтап-тарату кіреді.

Премьер-Министр осындай орталықтарды құру және дамыту бойынша әлемдік тәжірибені талдау қажеттігін атап өтті.

 Сондай-ақ «Өнеркәсіпке арналған инновациялар» бірыңғай ақпарат жүйесін іске қосу мәселесі қаралды.
 

Өзгелердің жаңалығы