Тегін үйірмелерге 30 мыңнан астам дене тәрбиесінің мұғалімдері жұмысқа тартылды

22 Маусым 2022, 14:10
1300
Бөлісу:
Тегін үйірмелерге 30 мыңнан астам дене тәрбиесінің мұғалімдері жұмысқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. 

Сонымен қатар ол тегін үйірмелер мен секцияларға екі жылға қанша қаражат бөлінгенін айтты. 

Білім беру жүйесінің барлық деңгейінде дене шынықтыру пәнінің ұстаздарына сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы тағайындалды. Яғни бұл ретте 30 мыңнан астам дене тәрбиесінің мұғалімі қамтылды. 2022-2024 жылдары аталған мақсатта аймақтарға қосымша 21 млрд теңге бөлінеді. Жалпы алғанда, бүгінге дейін балаларды қосымша спорт секцияларымен, үйірмелермен қамту 73%-ды құрап отыр, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, биыл бұл салаға бөлінген қаржы 124 млрд теңгеге жуықтайды. 

Ал жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі мен білім беру ұйымдарындағы секциялардан бөлек, балалар мен жасөспірімдерді оқытатын спорт мектептерінде тағы 386 мың бала білім алуда. 2022 жылы қаржыландырудың жалпы көлемі 123,7 млрд теңгені құрайды, - деді Дәурен Абаев. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде 500 мыңға жуық бала тегін үйірме мен секцияға қатысып жүргендігі туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы