Тегін үйірме өткізетін кәсіпкерлер үкіметтен ақша ала алмай жүр

25 Наурыз 2023, 17:10
1826
Бөлісу:
Тегін үйірме өткізетін кәсіпкерлер үкіметтен ақша ала алмай жүр
Фото: inbusiness.kz

Атырауда «Артспорт» бағдарламасы аясында тегін үйірме өткізіп жүрген жеке кәсіпкерлер мемлекеттен берілуі тиіс қаржыны ала алмай жүр. Бизнес иелері минисрлік құжат жүзінде бекітпеген кейбір талаптарды да орындауға қарсы, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZтілшісі.

«Артспорт» бағдарламасы осыдан екі жыл бұрын енгізілген. Соның аясында кәсіпкерлер балаларды тегін үйірмемен қамтып отыр. Бір бүлдіршін екі бірдей үйірмеге бара алады. Ал бизнес иелеріне қаржының бәрін мемлекет төлеуі қажет. Кем-кетігі көп жүйеден кәсіпкерлер мезі болған. Себебі жергілікті білім бөліміндегілер кәсіпкерлерге, бұған дейін қос үйірмеге барып жүрген баланы, біреуінен шектеңдер деген талап қойған. Ендігі жерде мемлекеттен тек әр балаға бір үйірме үшін қаржы төлемек екен. Ал құжат жүзінде ешқандай хабарлама бермепті. Амалы таусылған қызмет ұсынушылар БАҚ өкілдеріне жүгінді. Себебі еш негізсіз балаларды үйірмеден шектей алмайтынын айтады. 

Қазір үлкен мәселе болып тұр. Осыдан екі жыл бұрын бір бала қос үйірмеге жазылып қойған. Қазір олар жалғастыра алмайды. Тізімнен алып тастаңдар дейді. Бірақ бізге құжат жүзінде хабарлама бермесе, біз қалай алып  тастаймыз? Не істерімізді білмей отырмыз,-дейді кәсіпкер Э.Батырқызы. 

Балаларды тегін үйірмемен қамтып жүрген кәсіпкерлер соңғы екі айдың ақшасын да алмаған. Бұлай жалғаса берсе қып-қызыл шығынға батамыз деп алаңдаулы. 

Келушілерді тіркеп, жұмыстарыңды жалғастыра беріңдер дейді. Бірақ, қаржы жоқ. Қызметкерлерге беретін қаржы мен өзге шығындарымыз бар. Олардан құтылмасақ, жұмыс алға баспайды. Шығынға батамыз, - дейді кәсіпкерлердің бірі М.Құсайынова.

Бизнесін ілгеретіп отырғандар есік қағып, жауаптыларды бәріне барған. Бірақ мардымды жауап ала алмапты. Облыстық мәдениет басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы да көңіл көншітерлік ештеңе айтпады. Платформа өзгерді, механизм де мұң құбылды, қаржыны біз өтеп бере алмаймыз дейді басшы. 

Жергілікті әкімдікпен, министрлікпен сөйлесіп, бұл мәселені шешіп жатырмыз. Жан-жақты қараймыз.Қалай шешу керектігі жөнінде сіздер де ұсыныс енгізіңіздер. Бәлкім мықты ұсыныстар бар шығар,-деді Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшыс Ә.Жоламанов. 

Жеке кәсібін дамытып отырған азаматтарды облыс әкімі Серік Шәпкенов те қабылдаймын деп, күнін белгілеген екен. Бірақ уәде еткен уақытта уәжді тыңдау кейінге шегерілген. 

Енді бизнес иелері проблема жақын арада шешілмесе,. Бұл біздің жұмысымызға кесірін тигізеді деп отыр. Тиіс қаржы да түспесе, үйірмеге тегін барып жүрген балалар бұл игіліктен қағылады. 

Өзгелердің жаңалығы