Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілерге тегін қарбыз таратылды

16 Шілде 2019, 22:53
2553
Бөлісу:
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілерге тегін қарбыз таратылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келуші қонақтарға Түркістан қаласындағы кәсіпкер Ілесбек Арынов 5 тонна қарбызды тегін таратты. Бұл туралы "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қауын-қарбыз өсіріп, егін шаруашылығы арқылы несібесін терген еңбекқор диқан биылғы өнімінің алғашқысын қасиетті орталық Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілерге ұсынудан бастауды жөн санапты.

WhatsApp Image 2019-07-16 at 20.00.49.jpeg

"Қазақта "Кең болсаң, кем болмайсың" деген сөз бар. Несібеміз де, берекеміз де бір Алланың бергені. Түркістанға шөліркей жеткен, бабалар рухына тағзым етуге келген жандардың ақ батасын алып, егістік алқабының әрбір піскен өнімін алғыспен жұлсақ, шын еңбегіміздің ақталғаны. Түркістанымыз облыс орталығы атанып, гүлдену, түрлену қарқынына бой алдыруда. Туған жерімізге келген қонақтарға қуаныш сыйлауға азаматтық үлесімді қосқым келді. Бұл ұсынысымды "Әзірет Сұлтан" қорық-музейі ұжымы да қуана құп алды", - деді Ілесбек Арынов.

Мұндайды күтпеген алыс-жақын жерден келген зияратшылар диқанға алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.

WhatsApp Image 2019-07-16 at 20.00.50 (1).jpeg

Айта кетсек, жаны жомарт Ілесбек Арынов 2017 жылы да дәл осындай игілікті іс жасап, қасиетті мекенге жазғы ыстықта жеткен келушілердің ықыласына бөленген болатын.

Өзгелердің жаңалығы