Тегеранда апатқа ұшыраған ұшақты екі зымыран атқылаған

21 Қаңтар 2020, 11:20
1500
Бөлісу:
Тегеранда апатқа ұшыраған ұшақты екі зымыран атқылаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 қаңтарда Украиналық МАУ әуекомпаниясының Boeing 737-800 ұшағы "жер-ауа" класының екі зымыранымен атқыланған. 

Bloomberg-тің мәліметіне сәйкес, бұл туралы Иранның азаматтық авиация ұйымының тергеу туралы алдын ала жасалған екінші есебінде жазылған. Әуеге көтерілгеннен кейін ұшаққа 3 минуттан соң Тор-М1 әсерінің жақын радиусында шабуыл жасалған.

Тергеу деректеріне сүйенсек, ұшақ Тегераннан жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6:12-де ұшқан. Кейіннен 8100 фут (2469 метр) биіктікке көтерілген соң әуедиспетчерлерімен хабар үзілген. Сағат 6:15-те ұшақтарды екінші реттік бақылау радар экрандарынан жоғалып кеткен, ал сағат 6:18-де бірінші реттік бақылау радар экрандарынан ғайып болған. 

Ұшу туралы мәліметтерді тіркейтін регистратор мен ұшқыштар кабинасындағы диктафон әлемдегі ең озық құрылғылар саналады. Алайда, Иранның ондағы мәліметті оқып түсіну үшін мүмкіндігі жоқ. 

Авиациялық апаттарды тергейтін франциялық және америкалық агенттіктер Иранға "қара жәшікте" жасырынған мәліметті алу үшін қажет құрал-жабдықты жіберуден бас тартты.     

Иран тарапы Украинаға апаттан қалған ұшақтың бөліктерін жіберуге келісті. 

Айта кетейік, 8 қаңтар күні Тегераннан Киевке бет алған Украина халықаралық авиациясына тиесілі PS752 рейсі көкке көтерілісімен екі минут өткенде апатқа ұшыраған болатын. Өкінішке қарай, апат салдарынан бортта болған 176 адамның ешқайсысы тірі қалмады.

Бұған дейін, Иран әуежайы Тегеран маңындағы украиналық ұшақ апатының себебін түсіндірді. Олар Тегерандағы жолаушылар ұшағының құлауына қозғалтқыштан шыққан өрт себеп болғанын мәлімдеді. Алайда, 11 қаңтар күні Иран Украина ұшағын байқаусызда атып құлатқанын мойындады.


Өзгелердің жаңалығы