Тедди Ринер Алматыға келді

12 Қаңтар 2023, 20:29
1960
Бөлісу:
Тедди Ринер Алматыға келді
PHOTO
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Дзюдо тарихында есімі алтын əріппен жазылған француз, Олимпиаданың 3 дүркін жеңімпазы, 11 дүркін әлем жəне 5 дүркін Еуропа чемпионы Тедди Ринер Қазақстан құрамасының ауыр салмақтағы спортшыларымен жаттығу жасады.Осылайша, Алматы қаласындағы дзюдо Академиясындағы оқу-жаттығу жиынының алғашқы кезеңі мəресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жиын Франция дзюдо федерациясымен бірлесіп өткізіліп жатыр. Еліміздің дзюдо федерациясының басшылары, бапкерлер мен Ұлттық құрама спортшыларынан бөлек, жиында көруге ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев пен Спортты дамыту дирекциясының директоры Оралбай Жақсымбетов арнайы барды.

Тедди Ринер Алматыға келді

Бұл жиын біздің ауыр салмақтағы дзюдошыларымыз үшін жақсы тəжірибе жинайтын мүмкіндік. Осындай жиындардың алдағы уақытта нəтижесін көретінімізге сенімдіміз. Мəдениет және спорт министрлігі мұнымен тоқтап қалмайды. Париж Олимпиадасы қарсаңында дзюдодан Франция құрамасының барлық спортшысын шақырып, оқу-жаттығу жиынын өткізсек дейміз, - деді Самат Ерғалиев.

Франциядан келген мәртебелі қонақ – Тедди Ринер мен оның жеке бапкері Фрэнк Чамбилиге шапан мен қамшы тарту етті.

Тедди Ринер Алматыға келді

Мəдениет жəне спорт министрлігі қолдауының арқасында Тедди Ринер сынды танымал дзюдошыны шақырдық. Мақсат – ауыр салмақты жандандырып, бəсеке қалыптастыру. Ұлттық құрамада 100 жəне 100 кг жоғары салмақта жеңіс дәстүрі болғанын жанкүйерлер біледі. Токио Олимпиадасында осы салмақтарда бізден ешкім күреспеді. Сондықтан осы қадамға барып отырмыз. Жалпы мұнда 25 дзюдошы бар. Бəрінің Ринермен күресіп, психологиялық тұрғыдан жақсы дайындала алады, - деп айтты Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев.

Айта кетейік, 2022 жылғы ел чемпионатының нәтижесі бойынша жасақталған Қазақстан құрамасының дзюдошылары 2 топқа бөлінді. Алматы қаласында дзюдо академиясында ауыр салмақтағы татами шеберлері жаттығу өткізіп жатыр. 

Тедди Ринер Алматыға келді

Ал Алматы облысындағы «Жаңашар» Олимпиадалық даярлау орталығында Қазақстан құрамасының 100-ге жуық спортшысы шеберлігін шыңдап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы