TechnoWomen: Әйелдердің IT саладағы рөлі қандай

18 Сәуір 2024, 10:52
244
Бөлісу:
TechnoWomen: Әйелдердің IT саладағы рөлі қандай
Фото: автордан

Елордада "TechnoWomen Central ASIA: AI FUTURE" халықаралық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шара "TechnoWomen" КЕҰ ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Форумның басты тақырыбы - жасанды интеллект. Форумда Орталық Азия елдерінде технологиялық тәуелсіздікке және ЖИ қолдануда көшбасшылыққа қол жеткізу бойынша сарапшылардың кәсіби салалық қоғамдастығын қалыптастыру мәселелері талқыланып жатыр.

TechnoWomen: Әйелдердің IT саладағы рөлі қандай

 

Сондай-ақ саланың бүгінгі жай-күйіне баға беріледі және жеке тұлғаның, бизнестің, отбасы мен қоғамның дамуына әсер ететін сын-қатерлері аталып, қазіргі заманғы міндеттерді тиімді шешу үшін технологияларды қолданудың үздік тәжірибелері талқыланады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин әйелдердің IT саладағы рөлі маңызды екенін жеткізді.

Әйелдер қандай салада болмасын тыңғылықты, өнімді жұмыс істейтінін жақсы білеміз. Қазіргі таңда біз әйелдердің технология салаларына қызығушылық танытып, белсенді түрде қатысып жүргенін көріп жүрміз. Олардың эмпатиясы, креативтілігі және бірлесіп жұмыс істеу қабілеті қоғам өмірін жақсартуға бағытталған технологияларды жасауға көмектеседі. Әйелдердің жаңа идеялары мен IT шешімдері жоғары бағаланады, - деді вице-министр форумда сөйлеген сөзінде.

TechnoWomen: Әйелдердің IT саладағы рөлі қандай

Оның айтуынша, бүгінгі халықаралық форум IT инновацияларды ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге әйелдердің жылдам дамып келе жатқан ЖИ саласына қызығушылығының маңыздылығын көрсетеді.

Халықаралық форумда IT саласында жүрген қыздар білімдері мен тәжірибелерін бөлісіп қана қоймай, бір-бірінен жаңа жобаларды, шешімдерді жүзеге асыруға мотивация ала алады.

TechnoWomen: Әйелдердің IT саладағы рөлі қандай

Бүгін іс-шара аясында "TechnoWomen Leaders 2023" байқауының марапаттау рәсімі, "technowomen" мен sulture Tech жобаларының тәлімгерлік бағдарламасының тұсаукесері, шеберлік сыныптары өтеді.

Форум Цифрлық даму және аэрокомика өнеркәсібі министрлігінің, Халықаралық Электр байланысы одағының (МӘС), ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және т.б. қолдауымен өткізіліп жатқанын еске сала кетейік.

TechnoWomen: Әйелдердің IT саладағы рөлі қандай
Өзгелердің жаңалығы