"TechnoWomen": Алматыда қыз-келіншектерге арналған конференция өтті

13 Наурыз 2024, 12:28
1786
Бөлісу:
"TechnoWomen": Алматыда қыз-келіншектерге арналған конференция өтті
Фото: автордан

Алматыда Satbayev University-де "TechnoWomen" тренингі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Конференцияға 250-ден астам қыз, мектеп оқушылары мен студенттер, стартап-жобалардың негізін қалаушылар мен табысты бизнесвумендер келді.

Біздің мақсатымыз - алдағы жылдары ICT секторындағы әйелдер санын 45%-ға дейін арттыру. Бізде 14 жастан асқан қыздар арасында технологиялық кәсіпкерлік пен IT-индустрияны дамытуға бағытталған TechnoGirls клубы бар. Сондай-ақ Astana Hub-пен бірлесіп, 1 наурызда 16 жастан 23 жасқа дейінгі 3 мың қызға арналған TechGirls білім беру бағдарламасы іске қосылды. Мұндай алаңдар әрқашан өсуге, жаңа таныстар табуға, әлеуметтік желіні сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. Күні бойы әйел кәсіпкерлерді ілгерілету үшін көшбасшылық бойынша түрлі білім беру және шабыттандыратын іс-шаралар өткізілетін болады,– дейді  "TechnoWomen" коммерциялық емес ұйымының мүшесі Аяулым Аяғанова. 

"TechnoWomen": Алматыда қыз-келіншектерге арналған конференция өтті

Ұлттық комиссияның қолдауымен 3500-ден астам қолөнершілер мен шағын бизнес иелерін - әйел өндірушілерді оқыту жүргізіліп жатыр. 

"IT-Ayel" бағдарламасын іске асыруға еліміздің барлық өңірлерінен 2500-нан астам жұмыссыз әйел қамтылды. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға тегін оқыту мүмкіндігіне ие болды. Қыздар өздерінің ІТ-өнімін құруға және жетекші IT-компанияларда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады, – дейді  "TechnoWomen" коммерциялық емес ұйымының мүшесі Аяулым Аяғанова.

Өзгелердің жаңалығы