Tech Orda: Жоғары санаттағы 20 мың IT-маман даярланады

17 Ақпан 2023, 17:39
1062
Бөлісу:
Tech Orda: Жоғары санаттағы 20 мың IT-маман даярланады
Фото: osken-onir.kz

Tech Orda бағдарламасы жеке меншік мектептерді субсидиялауды және ІТ маман болғысы келетін азаматтарға ваучерлер беруді көздейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев айтты. 

Механизм үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде бағдарламаға қатысу үшін мектеп курстарын іріктеу және аккредиттеу жүргізіледі. Бұл іріктеуді тәуелсіз комиссия жүзеге асырады.
Мағжан Мәдиев берген мәліметке сәйкес, 2022 жылы бағдарламаға қатысуға өтінім берген 70 мектептің ішінен 49 IT-мектеп аккредиттеуден өтті, оның 17-сі – жаңа. Бұл ретте 34% өңірлерде орналасқан. 

Екінші кезеңде әрбір курс бойынша бөлуге арналған ваучерлер саны айқындалады. Бұл процестердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін әзірленген алгоритм – математикалық модельдің көмегімен жасалады. Бұл ретте әрбір IT-мектептің тиімділігін есептеу кезінде түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша көрсеткіштер алгоритм үшін негіз. Өңірлерде IT-білім беруді дамытуды ынталандыру үшін алгоритмге өңірлік мектептерге басқа да тең жағдайларда көбірек ваучер бөлетін арнайы коэффициент енгізілді, – деді Мәдиев.  

Берілген ваучерлер шеңберінде мектептің үшінші кезеңінде студенттерді өз бетінше іріктеу жүргізілді. Мектептердің өтінімдерді қабылдау қорытындысы бойынша Tech Orda бағдарламасы аясында IT-мамандықтарға оқуға ниет білдірген әлеуетті студенттерден 16 мыңға жуық өтінім келіп түсті. 

Алгоритм жұмысы кезеңінде әр мектепке бөлінген квоталар санына сәйкес Қазақстанның барлық өңірлерінен 18 бен 45 жас аралығындағы 3 068 студент іріктелді. Қазіргі уақытта бұл студенттер 155 курс бойынша білім алуда, олардың ішінде Tech Orda бағдарламасы бойынша Fullstack әзірлеуші, Python, Java, Data analytics, UI/UX дизайн сұранысқа ие, - деді Astana Hub-тың бас директоры брифингте.

2022 жылғы жағдай бойынша студенттердің орташа жасы 25-ті құрайды. Бұл жағдайда 40% – әйелдер. Сонымен қатар студенттердің 60%-ының тәжірибесі, ІЕ салада білімі жоқ, бірақ осы салаға қызығушылық танытады және онда жұмыс істегісі келеді. 2025 жылға қарай Tech Orda бағдарламасы аясында жоғары санаттағы 20 мың IT-маман даярлау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы