Президент инновациялық кластер орталығының жұмысымен танысты

29 Қазан 2019, 14:31
2234
Бөлісу:
Президент инновациялық кластер орталығының жұмысымен танысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Tech Garden орталығының жұмысын жоғары бағалап, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

0e5d20d34a9628663619eda52e781570.jpg

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа инновациялық кластер орталығында орналасқан 4 технологиялық лаборатория, 50-ден аса IT компаниялар мен  бірқатар стартап жобалар туралы жан-жақты ақпарат берілді. 

eff9c100f957533677fc4b354b7935da.jpg

"Инновациялық кластердің жұмысына 284 ұйым біріктірілген. Олардың қатарында 23 жоғары оқу орны, 25 ғылыми зерттеу орталығы, 2 технопарк, 1 даму институты, "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағына қарасты 166  компания, 1 бірлескен инвестициялық қор және 66 ұйым бар", - делінген хабарламада.

9311682adc89a8b1108509e7a050ae24.jpg
Өзгелердің жаңалығы