Теңгенің әлсіреуі кәсіпкерлерге қиынға соғуда – маман

13 Наурыз 2020, 12:53
1461
Бөлісу:
Теңгенің әлсіреуі кәсіпкерлерге қиынға соғуда – маман
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Теңгенің әлсіреуі кәсіпкерлер арасында үлкен мәселе тудырып отыр. Өйткені біздегі заттардың көбі импортталған. 

Алматыға импортталға заттар 13 млрд долларды құраған. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов брифингте айтты.

Оның айтуынша, қазіргі қолға алынып жатқан шаралар осы заттарды өзімізде өндіруге бағытталған. 

Бұл жағдайға байланысты Алматы әкімінің басқаруымен жедел штаб құрылды, біз соның қатарындамыз және оннан астам жиын өткіздік. Оған сауда, логистика, кәсіпорын және банк саласының өкілдері қатысты және барлық тараптың пікірлерін, ұсыныстарын тыңдадық. Соңғы экономикалық жағдайлар қаржы саласы үшін ауырға соғып отыр. Өйткені Ұлттық Банк валюта курсы бойынша базалық мөлшерлемені 9,25%-дан 12 пайызға дейін көтеді. Бұл кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін несие қымбат бола түседі деген сөз , - дейді ол. 

Сөз арасында ол,  өткен жылы еліміздің экономикалық өсімі 4% жоғары көрсеткішке жеткенін, биыл эпидемияның таралуына байланысты жоспарлы жұмыстарды қайта қарау қолға алынып жатқанын айтты. 

Өткен жылы ҚР Үкіметі бизнесті қолдау үшін қосымша 600 млрд теңге бөлді. Бұл бағдарлама "Қарапайым заттар экономикасы" деп аталады. Алматы қаласында осы бағдарлама аясында 35 жоба екінші деңгейлі банктерден несие алуға рұқсат алды. Несие сомасы 40 млрд теңгені құрайды. Ал республика бойынша 300 млрд теңгенің жобасы мақұлданған. Бұл бағдарлама жалғасын таба береді, өйткені бизнес қауымдастық үшін бұл тиімді болып отыр және алдағы уақытта өз нәтижесін беруі керек, - дейді ол. 

Сондай-ақ ол коронавирусқа байланысты жағдайлар кәсіпкерлер қауымдастығына өз әсерін тигізіп жатқанын және  бұл жағдайдың бәрін қадағалап, бақылап отырғандарын жеткізді. 

Дегенмен Алматы қаласында өткен жылғы наурыз кезеңімен салыстырғанда кәсіпкер субектілер саны 4,5 мыңға өскен. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Мұның барлығы кәсіпкерлікпен айналысуды үйрететін оқыту курстарының берген нәтижесі. Нақты атап айтар болсақ  "Жас кәсіпкер", "Бастау бизнес" курстарымен қала бойынша 6 мыңдай адам оқытылды. Оның ішінде көпбалалы аналар, өзін жұмыспен қамтығандар, жастар, мүмкіндігі шектеулі жандар бар. 

Курсқа қатысқандардың кейбірі гранттық сертификаттарға ие болды, кейбірі қайтарымсыз несиеге қол жеткізді. Грант алғандардың көпшілігі сауда саласында, қызмет көрсету бойынша кәсіп ашқан, - дейді кәсіпкерлер палатасының директоры.
Өзгелердің жаңалығы