Тәжікстанда қар көшкінінен үш адам қаза тапты

27 Ақпан 2023, 15:50
707
Бөлісу:
Тәжікстанда қар көшкінінен үш адам қаза тапты

Тәжікстанда қар көшкінінен үш адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Тәжікстанның солтүстігіндегі Соғды облысына апаратын Душанбе - Чанақ тасжолында қар көшкіні жүріп, үш адам қаза тапқан.

Musso көлігін тасжолдың 157-шақырымында қар көшкіні басып қалған. Үш адам оқиға орнында көз жұмды, бір жолаушы Шахристан облысындағы ауруханаға жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы