Тәжікстанда академик Қаныш Сәтбаевты еске алу шарасы өтті

13 Сәуір 2023, 01:13
714
Бөлісу:
Тәжікстанда академик Қаныш Сәтбаевты еске алу шарасы өтті
Фото: PressMFAKZ

Тәжікстанның Геология, сейсмологиялық құрылыс және сейсмология институтында тәжік академиялық ғылымның қызметін ұйымдастыруға үлкен үлес қосқан, академик Қаныш Сәтбаевты еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Cонымен қатар бүкіл Орталық Азия аймағында геологиялық зерттеулермен танымал Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш құрметті академигі, көрнекті қазақстандық ғалым Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Тәжікстанда академик Қаныш Сәтбаевты еске алу шарасы өтті

Іс-шараға Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов, Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Гүлчехра Кохирова, Тәжікстанның Геология, сейсмологиялық құрылыс және сейсмология институтының ұжымы, ғылыми қоғам мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар академик Қаныш Сәтбаевтың Тәжікстандағы ғылыми еңбек жолын, қызметінің жоғары рөлін атап өтіп, 2024 жылы ғалымның 125 жылдық мерейтойына орайластырылған халықаралық конференция ұйымдастыру жөнінде ұсыныс білдіріп, екі ел ғалымдарының ғылым саласындағы ынтымақтастықты қолдауға және дамытуға дайындығын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы