Тәжікстан шекарадағы қақтығыстан екі адам қаза тапқанын хабарлады

28 Қаңтар 2022, 11:19
1106
Бөлісу:
Тәжікстан шекарадағы қақтығыстан екі адам қаза тапқанын хабарлады
Фото: rus.azattyk.org

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс салдарынан екі тәжік қаза тапты. Бұл туралы azattyk.org хабарлады.

Тәжікстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара әскерлерінің хабарлауынша, атыс салдарынан Ходжай Ало ауылының тұрғыны Обиджон Туйчиев пен Исфара қаласындағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Абдулатиф Шарипов зардап шекті.

Сонымен қатар 10 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Оның 6-ы әскери, 4-уі бейбіт тұрғын.

Қазіргі уақытта шекарадағы жағдай тұрақты, екі жақ та шекаралық қақтығыстың себептері мен факторларын зерттеп жатыр, - деп атап өтті Тәжікстан шекара ведомствосы.

Қаңтардың 28-і күні таңертең Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі қырғыз тарапынан 11 әсери қызметкер зардап шеккенін хабарлады. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиевтің айтуынша, жараланғандардың барлығы әскери қызметкер.

Айта кетсек, қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай 27 қаңтар күні кешке ушыға түсті. Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара ведомстволары қақтығысты бастады деп бір-бірін айыптады.

Өзгелердің жаңалығы