«Таза Қазақстанға» 1 миллионнан астам жас қатысты 

 gov.kz 11 Тамыз 2026, 15:50
11 Тамыз 2026, 15:50
256
Фото: gov.kz

Жастардың азаматтық белсенділігі Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға қатысуы арқылы көрініс табады. Бүгінде елімізде жүздеген жастар ұйымы мен 300 мыңнан астам волонтер жұмыс істейді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жастардың белсенділігін әсіресе «Таза Қазақстан» бастамасынан айқын көруге болады. Мұнда патриотизм құр сөзбен емес, өз ауласына, көшесіне, қаласы мен еліне деген нақты жауапкершілікпен көрініс табады, – дейді ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның сөзінше, «Таза Қазақстан» аясында 7 мыңға жуық іс-шара өткізіліп, оған 1 миллионнан астам жас қазақстандық қатысты.

Бұл жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – білімді, еңбекқор, заңға бағынатын және қоғамға бейжай қарамайтын азаматтың бейнесін қалыптастыратын «Адал азамат» идеологиясын ілгерілету. Осы бағыт аясында 4 мыңға жуық іс-шара өткізілді.

Бұл жерде принципті тұрғыдан маңызды бір жайтты атап өткім келеді. Жастар саясатының тиімділігі өткізілген іс-шаралардың санымен емес, атқарылған жұмыстың сапасымен және оның түпкі нәтижесімен өлшенеді: жас адам білім алды ма, жұмысқа орналаса алды ма, қажетті көмекке қол жеткізді ме және оның пікірі ескерілді ме, – деп түйіндеді спикер.

Наверх