"Таза Қазақстан": Созақ ауданында 1 мың адам 240 тонна қоқыс жиналды

11 Сәуір 2024, 13:00
200
Бөлісу:
"Таза Қазақстан": Созақ ауданында 1 мың адам 240 тонна қоқыс жиналды
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Созақ ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында жұмыстар қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүруде.

Аудандағы 12 ауыл-кент округтен тазалық жұмыстарына 1 мыңға тарта тұрғын жұмылдырылды. Ауыл тұрғындары, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері белгіленген аумақтардан 235 тонна қоқыс шығарды. 

Сондай-ақ, 3 мың ағаш түптерін әктеу, көгалдандыру жұмыстары жүрді. «Таза Қазақстан» экоакциясы басталғалы ауданда  22 500 тал егілген.

Ал Түркістан қаласында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Түркі бағы» саябағында сенбілік өтті. Игі бастамаға облыстың белсенді жастары атсалысты. 

Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. 

Қоршаған ортаны қорғауға, айналаны таза ұстауға бағытталған акцияға 100-ге жуық жас пен университет студенттері қатысты. Айта кетейік, аталған сенбілікте саябақ аумағына тазалық жұмыстары жүргізіліп, талдардың түптерін әктеу шаралары қоса қамтылды.

Өзгелердің жаңалығы