"Таза Қазақстан". Қызылордалық студенттер ағаш көшеттерін отырғызды

11 Сәуір 2024, 10:28
208
Бөлісу:
"Таза Қазақстан". Қызылордалық студенттер ағаш көшеттерін отырғызды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы экологиялық акцияға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы мен білім алушылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясында университеттің Ботаникалық бағында ағаш көшеттерін отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында университеттің басқарма төрағасы, ректор Бейбіткүл Каримова, 250-ге жуық оқытушы-профессорлар мен студенттер ағаш көшеттерін отырғызып, қаланың жасыл желекке айналуына атсалысты.

Аймақтың ең үлкен іргелі оқу орны Қорқыт ата университетінің Ботаникалық бағы қалаға көрік беретін жасыл желек ғана емес, студенттердің тәжірибелік сабақтарының базасы болып табылады.

Аталған оқу орнының студенттері апта сайын дәстүрлі түрде көктемгі көгалдандыру жұмыстары мен ағаш көшеттерін отырғызуға белсенді қатысып келеді.

Бұған дейін Тараз қаласында аталған акция шеңберінде "Мамыр" саябағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілгені хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы