Таза Қазақстан. "Қошқар ата" қорымында тазалық жұмыстары жүргізілді

17 Сәуір 2024, 15:44
307
Бөлісу:
Таза Қазақстан. "Қошқар ата" қорымында тазалық жұмыстары жүргізілді
Фото: Қоғамдық коммуникация орталығы

Маңғыстауда "Қошқар ата" қорымы аумағында сенбілік өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Елімізде бастау алған "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Ақшұқыр елді мекенінде орналасқан "Қошқар ата" қорымында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Таза Қазақстан. "Қошқар ата" қорымында тазалық жұмыстары жүргізілді

Сенбілікке М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы қызметкерлері мен Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ұжымы атсалысты.

18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай "Таза Қазақстан" республикалық акциясына өз үлесімізді қосып, сенбілік өткіздік. Көктем мезгілі жаңару мен жаңғыру, күл-қоқыстан тазару маусымы. Табиғатты аялайық. Өңір келбетін көркейтуге әрбір тұрғын атсалысуы керек, - деді М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы директоры Данияр Сағынғалиұлы.

Таза Қазақстан. "Қошқар ата" қорымында тазалық жұмыстары жүргізілді

Сондай-ақ Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Ынтымақ Божанов тарихи орындарды күтіп, сақтау маңызы жөнінде айтты.

Өздеріңізге мәлім ел аумағында 25 мыңнан аса тарихи-мәдени ескерткіш бар. Соның бірегейі — "Қошқар ата" қорымын қоқыстардан тазартып жатырмыз. Болашақ ұрпақ үшін тарихи орындарды күтіп ұстауға баса мән беру керекпіз. Көтеріңкі көңіл-күймен сенбілікті өткердік, киелі, тарихи-табиғи орындардың құндылығын дәріптеуге атсалысып жүрміз деп ойлаймын, - деді Ынтымақ Божанов.

Таза Қазақстан. "Қошқар ата" қорымында тазалық жұмыстары жүргізілді

Айта кетейік, "Қошқар ата" қорымы Ақтау қаласынан 17 шақырым қашықта солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қорым жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енгізілген. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан 81 ескерткіш есепке алынған.

Таза Қазақстан. "Қошқар ата" қорымында тазалық жұмыстары жүргізілді
Өзгелердің жаңалығы